Бразилияда ыстықтан балықтар жаппай қырылып жатыр

Бразилияда ыстықтан балықтар жаппай қырылып жатыр

baq.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Аптап ыстықтан Рио-де-Жанейро қаласы маңындағы көлдердің бірінде 15 мың тонна балық қырылып қалды. Бұл туралы «
Хабар 24
» хабарлайды.
Себебі, шаһардағы ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, қатты ыстықтан көлдегі оттегі азайып, апатты жағдайға әкелген.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 5 жыл бұрын балықшылар осындағы көлден 65 мың тонна өлі балық аулаған. Бірақ ол кезде балықтардың қырылуына нөсер себеп болған. Шелектеп құйған жауыннан көлге зиянды қалдықтар тараған.
Біздің
Telegram-парақшамызда
Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: