Ақмола облысында көлік ұрлығы азайды

Ақмола облысында көлік ұрлығы азайды

24.kz

Ақмола облысында автокөлік ұрлығы азайды. Өткен жылы 328 қылмыс орын алса, 2018 жылы 214 факті тіркелген.«Арнайы өткізілген алдын алу шаралары өз жемісін беріп отыр» дейді полиция департаментінің мамандары. Елді мекендерде рейд шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшыларына кәсіпорын және оқу ордаларының қызметкерлері көмектеседі. Талғат Асылбеков, облыстық ПД басқарма басшысы:- Ұрлықтың алдын алу шараларына басымдық беріледі. Әдетте көліктегі автомагнитола, қуаттағыш құрылғылар мен өзге де ірілі-ұсақты бұйымдар қолды болады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: