Индонезияда цунамиден құрбан болғандар саны 281-ге жетті

Индонезияда цунамиден құрбан болғандар саны 281-ге жетті

abctv.kz

Индонезиядағы цунамиден құрбан болғандар саны 281-ге жетті, ал зардап шеккендер саны 1000-нан асты. Бұл туралы елдің табиғи апаттар бойынша ұлттық басқармасының өкілі Сутопо Пурво Нугрохо айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Оның айтуынша, тағы 57 адам хабар-ошарсыз кеткен. Биліктің бағалауынша, құрбандар мен зардап шеккендер саны әлі артады.
Индонезияның батысындағы Бантен провинциясында 23 желтоқсанда цунами елдімекендерді қиратып кетті.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: