Павлодарда екі көлік жанып кетті

Павлодарда екі көлік жанып кетті

inform.kz

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен сенбі және жексенбі күндері облыс орталығында екі темір тұлпар отқа оранды, деп хабарлайды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 желтоқсан күні кезекшілік бөліміне сағат 16.07-де автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Мир көшесі, 19 мекенжайы бойындағы тұрғын үйдің ауласында ашық алаңда тұрған  1994 жылғы «Ford Scorpio» маркалы автокөліктің төрт шаршы метрі өртенді», - дейді ведомствода.
Оқиға орнында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес адамы мен бір техника қызыл жалынды сағат 16.24-те толығымен сөндірген.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: