АҚШ-та белгісіз біреу көлігімен  шіркеу қабырғасын қақырата соқты

АҚШ-та белгісіз біреу көлігімен шіркеу қабырғасын қақырата соқты

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 желтоқсан, дүйсенбі күні Колумбус қаласында (Огайо штаты) көлік жүргізушісі шіркеу қабырғасын қақырата соққан. Келеңсіз жағдай салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды
Анықталғандай, ТЖ 100 адам жиналған жексенбілік қызмет кезінде болған. Автомобиль шіркеудің қабырғасын бұзып кірген. Алты адам жарақат алған.
Дін қызметшісі Джей Андерсонның айтуынша, адамдар Рождестводағы хорға қатысуға қызығушылық білдіріп, жиналған.
«Көлік ғимаратқа соқтығысып, шіркеудің ішіне кіріп кеткен кезде қабырғалар құлады», - деді дін қызметшісі.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: