Елбасы Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - делінген жеделхатта.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: