Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

today.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды
Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.
Естеріңізге салайық, 22 желтоқсанда Индонезияда цунами болды. 24 желтоқсанда табиғат апаты салдарынан 200 адам қайтыс болғаны жарияланды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болғандардың көбі – туристер.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: