Оралда ер адам бес жастағы баланың тамағына пышақ тақады

Оралда ер адам бес жастағы баланың тамағына пышақ тақады

today.kz

Полиция бес жастағы ұл баланың өмірін құтқарып қалды. Оқиға Орал қаласы Достық даңғылы бойындағы тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды
"102" пультіне келіп түскен хабарламада белгісіз екі адамның төбелескені хабарланды. Полиция оқиға орнына келіп жеткенде ешкім болмаған, ауладан айғай естіліп жатқан. Пәтерде ер адам баланы күштеп ұстап, оның тамағына пышақ тақаған, баланың анасын шақыруды талап еткен.
Полиция ер адаммен келісімге келді, бала босатылды. Ер адам ұсталды, ол баланың анасымен бірге тұратын еркек болып шықты.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 155 бабы "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: