Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирден медальмен қайтты

Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирден медальмен қайтты

abctv.kz

22-23 желтоқсан күндері көркем гимнастикадан «Люксембург кубогі» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан атынан Айдана Сарыбай мен Даяна Әбдірбекова қатысқан болатын.
Көпсайыс нәтижесі бойынша, Айдана Сарыбай екінші орын иеленді. Ол доп жаттығуымен 1-орыннан көрінсе, таспамен жаттығуда үздік төрттікке енген.
Азиада чемпионы Даяна Әбдірбекова көпсайыста 4-орын алды.
Даяна шығыршықпен және ұршықпен жаттығуда финалға жетіп, екеуінде де төрттіктен көрінген.

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: