Ақмола облысында биылғы оқу жылында сабақ алғаш рет тоқтатылды

Ақмола облысында биылғы оқу жылында сабақ алғаш рет тоқтатылды

24.kz

Көкшетауда аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бірінші ауысымда оқитын дайындық тобы мен 9-сынып аралығындағы оқушылар, сондай-ақ екінші ауысымда 4-сыныпқа дейін бүгін сабақ болмады.Себебі таңертең облыс орталығының өзінде ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендеп, секундына 3 метрге дейін жел соққан. Ал аймақтың кейбір жерлерінде минус 30 градустан асып, мектеп оқушылары толықтай сабақтан босатылған.Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа температурасы бұдан да қатты суытып, минус 35 градусқа дейін жетеді екен.Айта кетейік, биылғы оқу жылында Ақмола облысында алғаш рет сабақ тоқтатылып отыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: