2021 жылдан бастап ЖОО-лар өздерінің үлгісіндегі дипломдарды беретін болады

2021 жылдан бастап ЖОО-лар өздерінің үлгісіндегі дипломдарды беретін болады

24.kz

Қазақстанда 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді.Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».«2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Бірнеше жылдан кейін біздегі барлық жоғары оқу орындары өздерінің үлгісіндегі дипломдарды беретін болады. Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепіл береді. Ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды. Бұл да білім сапасына әсерін тигізеді», – деді вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы барысында. Сонымен қат

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: