Қарағандыдағы жаңа жылдық думанға облыстан 180 бала қатысты

Қарағандыдағы жаңа жылдық думанға облыстан 180 бала қатысты

24.kz

Олардың барлығы да оқуда озат, шығармашылық пен спорт саласында жетістікке жеткен дарынды бүлдіршіндер.Мерекелік кеште балғындар ит жылын шығарып салып, есіктен кіргелі тұрған доңыз жылын қарсы алды. Үлкен экраннан Елбасының құттықтауын мұқият тыңдады. Сондай-ақ облыс басшысымен бірге шыршаны айнала ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Аяз Атаның қоржынынан дәм татып, мәре-сәре. Ал театрландырылған қойылым бүлдіршіндерге ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды. Кеш соңында жиналған барлық балаға планшет пен ойыншық, кітаптар және 50 мың теңгенің сертификаты сыйға тартылды. Бұған қоса жаңа жылда 300-ге жуық үздік оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберілмек.Дания Үсенова,

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: