Түркістанда жаңа тұрғын үй алабының іргетасы қаланды

Түркістанда жаңа тұрғын үй алабының іргетасы қаланды

24.kz

Бүгін киелі шаһардың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында «Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй алабының қазығы қағылып, іргетасы қаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».Аумағы 38 гектар жерге салынатын тұрғын үйдің жалпы ауданы 200 мың шаршы метр болады. Онда 2724 пәтерлі, 88 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Олардың 44-і алдағы 2019 жылдың соңында қолданысқа беріледі. Қалған 44 үйдің құрылысы 2020 жылдың соңында аяқталады. Жаңа үйлер бес, жеті және он екі қабатты болады. Бұл баспаналар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Құрылыс жұмыстарына отандық өнімдер қолданылады. Осылайша аз жылда облыс орталығы жаңа келбетке ие болмақ.Гүлмира Әбішева, құрылыс компаниясының басшысы:

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: