Куба парламенті конституция жобасын мақұлдады

Куба парламенті конституция жобасын мақұлдады

24.kz

Куба парламенті түзетулер енгізілген жаңа конституция жобасын бір ауыздан мақұлдады.Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, басты құжатты 583 адам қолдаған. Ал қалған 19-ы жиынға келмеген. Енді келер жылдың ақпан айында конституцияны халықтың жаппай дауысына салады. Жалпы, жаңа конституция жобасында 229 бап бар. Солардың негізінде саяси күш елдің коммунистік партиясында қалады. Ал мемлекет ел экономикасын бақылайтын болады. Құжаттың ерекшелігі, мұнда жеке кәсіптің мүмкіндіктері артып, шетелдік инвесторларға барынша жағдай жасалған. Сонымен қатар президенттік мерзімді қысқартты. Яғни Куба басшысы әрі кетсе 5 жылдан екі рет қана президент бола алады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: