Атырау – Астрахан күре жолы жабылды

Атырау – Астрахан күре жолы жабылды

abctv.kz

Көктайғаққа байланысты Атырау – Астрахан күре жолы жабылды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарға қарағанда, Атырауды Ресейдің Астрахан облысымен байланыстыратын жолдың барлығы көліктің барлық түрі үшін  жабылған. Себебі – көктайғақ.
Еске сала кетейік, Қазақстан – Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жолға мұз қатқан болатын. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылды.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: