Жамбыл облысында ішімдік ішкен полицей жол апатын жасады

Жамбыл облысында ішімдік ішкен полицей жол апатын жасады

sn.kz

Тәртіп сақшысы аяғына әзер тұрғанымен есін еміс-еміс білетін тәрізді. Өйткені жабыла ұялы телефонға түсіргендерден бет-жүзін жасырып әлек. Ақыры бұл көріністер әлеуметік желіге тарап, дау туғызды. Ал құдай сақтап оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Бірақ тәртіп сақшысы апат болған жерден қашып кетуге әрекет қылыпты. Алайда, оның сытылуына куәгерлер жол бермеген. 30 жастағы мас қызметкер Шу аудандық полиция бөлімі учаскелік инспектордың көмекшісі болып шықты. Қазір ол қызметінен уақытша босады. Бірақ бұл оқиғадан кейін оның қайта жұмысқа келуі екіталай.
Telegram-каналға
жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: