Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды (фото)

Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды (фото)

kaz.nur.kz

Бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Судьяның алдына танымал спортшының өліміне күдіктелген Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева шықты деп хабарлайды
NUR.KZ.
Алдын ала тыңдалым Алматыдағы қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында өтіп жатыр. Сот отырысына судья болып Кеңшілік Әбделдинов белгіленген.
Елді дүр сілкіндірген оқиғаның сот отырысына көптеген БАҚ өкілдері келген.
Тыңдалым өтіп жатқан зал адамдарға лық толы.
Айта кетейік, танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні көлік ұрыларының қолынан
қаза тапқан
болатын.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: