Катания әуежайында жанартау атқылауына байланысты рейстер тоқтатылды

Катания әуежайында жанартау атқылауына байланысты рейстер тоқтатылды

24.kz

Этна жанартауы атқылауына байланысты Катания қаласындағы халықаралық Фонтанросса әуежайының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».Себебі дүйсенбі күні Сицилия аспанын қою түтін басып қалған. Түс қайта әуежай қайта жұмыс режиміне көшірілді. Дегенмен, жолаушыларға әуе рейсі кейінге қалуы мүкін деген ескерту хабарламалары жіберіліп жатыр. Итальяндық Ansa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Этнаның оңтүстік бөлігінде жаңа сызат пайда болған.Айта кетейік, Этна – Еуропа бойынша ең биік және белсенді жанартау. Соңғы рет ол 1991 жылдан 1993 жылға дейін атқылаған болатын.

Поделитесь новостью:

Читайте также: