СҚО-да аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды

СҚО-да аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды

24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында қыс қаһарына мініп, көлік жүргізушілерімен жолаушыларды әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».Өңірде үскірік аяз салдарынан кеше кешкісін барлық бағыттағы жолдар жабылды. Қазір өңірде сарышұнақ аязға байланысты төтенше жағдайлар қызметі мен жол сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті. Республикалық маңызы бар тасжолдарда кезекшіліктер ұйымдастырылды. Аймақта ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеген. «Казгидромет» мамандары  мұндай ауа райы әлі бірнеше күн бойы сақталатындығын айтып отыр. Сондықтан полицейлер алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Қазір облыста 331 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.Баян Байғаскина, облыстық полиция департаменті ЖПҚ бас

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: