Ақмола облысында аязды түні жолда қалған 53 адам құтқарылды

Ақмола облысында аязды түні жолда қалған 53 адам құтқарылды

24.kz

Ақмола облысында аязды түні жолда қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Петропавл қаласынан Түркістан облысының Сарыағаш қаласына бет алған 53 жолаушысы бар автобус, дизельді отынмен жүретін болғандықтан, Бурабай ауданының тұсында тоқтатылған. Қауіпсіздік мақсатында оларды құтқарушылар жақын маңдағы Кенесары ауылының орта мектебіне жеткізіпті. Жолаушылардың барлығы Өзбекстан азаматтары.Айта кетейік, қазір Ақмола облысында 225 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ бүгін аймақтың барлық мектептеріне сабақ уақытша тоқтатылды. «Ал аяздың беті 27 желтоқсан күні қайтады», - дейді, синоптиктер.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: