Қарағанды-Павлодар бағытындағы жол жабылды

Қарағанды-Павлодар бағытындағы жол жабылды

24.kz

Қарағанды облысының кей өңірінде өткен түнде үскірік жел тұрып, ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».Салдарынан мектептерде 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды. Сондай-ақ Қарағанды-Павлодар бағытындағы жол жабылған. Төтенше жағдай қызметі алысқа сапар шеккенде абай болуды ескертеді. Құтқарушылар кеше ауылға бара жатып, жолда көлігі сынған 3 жолаушыны құтқарды. Күндіз ауа температурасы -25 градусқа жеткенімен, түнде күшейіп тұр. Синоптиктер алдағы 2 күнде шыңылтыр аяздың сақталатынын айтады.

Поделитесь новостью:

Читайте также: