ШҚО мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

ШҚО мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

24.kz

Бүгін еліміздің шығысында да үскірік аязға байланысты мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды  «Хабар 24».Әсіресе, Шемонаиха ауданында күн қатты суытып тұр. Мұнда -32 градус. Сондықтан I ауысымда 0-ден 9 сыныпқа дейін сабақ болмады. Ал Семей мен Курчатовта ауа температурасы -30 градустан төмендеп кеткендіктен, 1-11 сыныптардың оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды. Сондай-ақ Риддер, Зырян, Аягөз және Жарма аудандарында да оқушылар демалады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: