Астанада үсік шалған екі жеткіншек ауруханаға түсті

Астанада үсік шалған екі жеткіншек ауруханаға түсті

kaz.nur.kz

Астанада үсіп қалған екі студент №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Колледжде білім алатын жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған деп хабарлайды
Елорда Инфо
сайтына сілтеме жасаған
NUR.KZ
.
Қазір жасөспірімдердің жағдайы орташа.
Елордада үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ.
Айта кетейік, кеше 24 желтоқсанда Астанада ауа температурасы 31 градус аязды көрсеткен болатын.
Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын да хабарлаған еді.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: