Түркістан облысындағы ауылда балабақша өртенді

Түркістан облысындағы ауылда балабақша өртенді

24.kz

25 желтоқсан күні 12:46-да Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы «Аққу» балабақшасы өртенгені туралы хабарлама түсті.Екінші қабаттағы балабақша меңгерушісінің кабинетіндегі жиһаз өртеніп, 8 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенше балабақшадан 168 бала сыртқа шығарылды. Өрт 13:00-де ауыздықталып, 13:25-те сөндірілді.Өрттен қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 көлік қатысты.Аударған: Г.Абилова

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: