Павлодарда көпірде минивэн мен көлік соқтығысты

Павлодарда көпірде минивэн мен көлік соқтығысты

24.kz

Павлодарда Honda Stepwagon көлігі мен автобус соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.«24 желтоқсан күні сағат 18:04-те Павлодар-Шарбақты күре жолындағы көпірде Honda Stepwagon көлігі мен Volvo қалалық маршруттық автобусы соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті департамент өкілдері.inform.kz

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: