Балқаш көліне батып кеткен көліктен балықшының денесі табылды

Балқаш көліне батып кеткен көліктен балықшының денесі табылды

kaz.caravan.kz

Балқаш көлінде құтқарушылар екі күн іздеп, мұз астына түсіп кеткен көлік пен жолаушыны тапты, деп хабарлайды Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
"ВАЗ-2106" көлігі 20 желтоқсанда Қаратал ауданы Қарақұм ауылына жақын жерде мұз астына түсіп кеткен. Көлік салонында екі жергілікті тұрғын болыпты, біреуі аман қалды.
"Мұз астында қалған ер адамды қатты аязда екі күн бойы іздеген. Көлік жағалаудан екі километр жерде мұз астына түсіп кетіпті. Ақыры соңында сүңгуірлер көлікті тауып, балықшының денесін алып шықты. 1964 жылы туған ер адам Қарақұм ауылының тұрғыны", — деп хабарлайды ведомство...

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: