Елордада жылынып алуға арналған кезекші автобустар қызмет етіп жатыр

Елордада жылынып алуға арналған кезекші автобустар қызмет етіп жатыр

24.kz

Елордада үскірік аязға байланысты 25 желтоқсанда қоғамдық көліктердің аялдамаларында кезекші автобустар қызмет етіп жатыр.Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап, елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.  «Ауа райының қолайсыздығына орай бүгін белгілі бір аялдамаларда кезекші автобустар қызмет етіп жатыр. Бұл өзіне қажетті бағдарды күтетін жолаушылар тоңып қалмас үшін қолға алынған шара», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында. Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың тізімі төменде келтірілген.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: