ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдарда көлік қатынасы шектелді

ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдарда көлік қатынасы шектелді

24.kz

Шығыс Қазақстанда үскірік аязға орай барлық республикалық маңыздағы күре жолдарда көлік қатынасына шектеулер қойылды.Бұл шектеу жолаушылар автобусына,жүк көліктеріне және дизельді отынмен жүретін жеңіл көліктерге қатысты.Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сақтық шарасы 25 желтоқсан сағат 17:00-ден бастап 26 желтоқсан таңғы сағат 07:00-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар алдағы екі күнде сынап бағанасының төмендеуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше 26,27 желтоқсанда түнгі уақытта аймақта сынап бағанасы күрт төмендеп,тіпті кей жерлерде минус 40,42 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: