Еліміздің аймақтарында күшейген аяз жұртты әбігерге салды

Еліміздің аймақтарында күшейген аяз жұртты әбігерге салды

24.kz

Қазақстанның көптеген аймақтарында аяз күшейіп, әбігер тудырды. Орталық пен солтүстікте ауа температурасы өткен түнде 40 градустан асып жығылған. Ертіс өңірінде қыс қаһарына мінді. Павлодарда түнде сынап бағаны -36, ал Ақтоғай және Тереңкөл ауданы мен Красноармейка ауылында -38 градусқа дейін жеткен. Аязға байланысты жоғарғы сыныптан басқа оқушылардың барлығы сабақтан босатылды. Ал, кеше кештен бері жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жолда уақытша шектеу қойылды. Өңірде қазір жолда қалғандарды құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 80-ге жуық жолаушыға көмек көрсетілген. Бірақ, үсік шалып, медициналық жәрдемге мұқтаж болғандар жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: