Астанада аязда көшеден табылған үш жастағы баланың әке-шешесі анықталды

Астанада аязда көшеден табылған үш жастағы баланың әке-шешесі анықталды

today.kz

Астанада 30 градустық аязда көшеден табылған үш жастағы баланың әке-шешесі анықталды, деп хабарлайды
"Баланың ата-анасы жұмыста болған, бала үйде туысқандарымен бірге қалған. Үлкен ағасы жұмысқа кеткенде, екінші ағасы ұйықтап жатқанда бала өзі үйден шығып кеткен. Кіші ағасы ұйқыдан тұрған кезінде үлкен ағасы баланы өзімен бірге алып кеткен деп ойлаған", – деді полиция.
Табылған бала анасына табысталды. Полиция ата-аналар мен баланың заңды өкілдерінен оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Естеріңізге салайық, бала тұрғын үйдің ауласынан табылды, кейін  полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Поделитесь новостью:

Читайте также: