Жамбыл облысында тау-шаңғы кешені салынып жатыр

Жамбыл облысында тау-шаңғы кешені салынып жатыр

24.kz

Біздің елде туризмді, соның ішінде қысқы туризмді дамытуға баса мән беріп отыр. Игілікке беріліп жатқан демалыс орындары аз емес.Айталық, қазір Жамбыл облысында тау-шаңғы кешені салынып жатыр. Құрылысы 2019 жылы аяқталады. Жоба толық жүзеге асса, өңірге жылына 45 мыңға жуық турист тарту көзделіп отыр. Нысан тура Батыс Еуропа- Батыс Қытай автомагистарлінің бойында бой көтеруде. Қазір күре жолдан демалыс орнына дейін 6,5 шақырым асфальт жол төселіп қойды. Газ, су, электр желісін тарту жұмыстарының 70 проценті аяқталған. Келер жылы мұнда шағын қалашық бой көтереді. Қонақ үйлер, мейрамханалар және  22 коттедж шетінен салынып жатыр.  Оған  4 гектар жер бөлінді. Сырғанау жолағының ұзындығы 2500 м

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: