Әлемдегі католиктер Рождество мерекесін тойлап жатыр

Әлемдегі католиктер Рождество мерекесін тойлап жатыр

24.kz

Католиктер Рождество мерекесін тойлап жатыр. Осыған орай кей елдерде ресми демалыс берілген.Мәселен, АҚШ-тағы мерекелік шыршаны тамашалауға әлемнің түпкір-түкпірінен мыңдаған турист жиналды. Елдің бас шыршасы Нью-Йорктегі Рокфеллер орталығына қойылған. Оның биіктігі 30 метр, салмағы 12 тоннаға жуықтайды. Шыршаны жағу салтанаты 1933 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіледі. Жыл сайын осы көріністі тамашалауға орта есеппен 63 миллион саяхатшы жиналады. Биыл бас шыршаға жағалай түрлі-түсті 30 мыңдай шам ілінген. Ал ұшар басына диаметрі 3 метрлік жұлдызша орнатылыпты.

Поделитесь новостью:

Читайте также: