Қытайда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Қытайда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті

24.kz

Қытайдың Фуцзянь елді мекенінде автобус жүргіншілер тобын қағып, салдарынан 8 адам қаза тапты.Тағы 22 адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға пышақпен қаруланған ер адамның автобусты ұрлап кетуінен басталған. Одан соң ол қоғамдық көлікті жүргіншілер тобына бағыттап, оларды басып өткен. Құқық қорғау органының қазметкерлері күдіктіні оқиға орнында бірден ұстады. Алдын ала ақпар бойынша, ер адам жергілікті тұрғын үй комитетінің қызметкерлерімен қатты сөзге келіп қалған. Соның ашуымен күдікті бір адамға пышақ сілтеп, артынша автобусты ұрлап кеткен.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: