Беларусьте Аяз генералдың резиденциясы ашылды

Беларусьте Аяз генералдың резиденциясы ашылды

24.kz

Беларусь Республикасында Аяз Аталардың ерекше резиденциясы ашылды.Ол «Линия Сталина» деп аталатын әскери-тарихи кешен ішінен ұйымдастырылған. Мұнда келген қонақтар тәттілерден ауыз тиіп қана қоймай, әскери техника көрмесін тамашалауға, тіпті мылтықтан оқ атуға мүмкіндік алады. Бірақ резиденцияға тек батыр әрі мерген балалар ғана кіре алады. Яғни қораптан жасалған танкті жарып, қарумен аққалаларды құлатуың тиіс. Мұндағы Аяз Атаның есімі де өзгеше – Аяз генерал. Сый беріп қала ма деген үмітпен бүлдіршіндер арнайы капсулаға хат қалдырып жатыр. Оның өзі артиллериялық гилзадан жасалған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: