Елімізде жолда қалып қойған 145 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Елімізде жолда қалып қойған 145 адам қауіпсіз жерге көшірілді

24.kz

Қолайсыз ауа райына байланысты өткен тәулікте жолда қалып қойған 145 адам қауіпсіз жерге көшірілді.Үскірік аяз республика жолдарындағы қозғалысты айтарлықтай қиындатқан. Осылайша құтқарушылар кеше түнде Астана-Петропавл, Павлодар-Новосібір және Қызылорда-Павлодар автожолдарында тоқтап қалған автобустардың жолаушыларына көмек көрсетті. Бүгінге дейін еліміздің бірқатар аймағында сарышұнақ аязға байланысты 37 рет ескертпе хабарлама айтылды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: