Ливиядағы терактіні ТГИЛ өз мойнына алды

Ливиядағы терактіні ТГИЛ өз мойнына алды

24.kz

«Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» Ливиядағы терактіні өз мойнына алды.Кеше қаскөйлер Ливияның сыртқы істер министрлігінің ішінде жарылыс ұйымдастырған еді. Қастандықтан 3 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Марқұмдардың арасында қауіпсіздік қызметінің өкілдері де бар. Содырлар ғимарат маңайында тұраққа қойылған үш көлікті жарып жіберген. Одан соң оқ ашып, министрлерге кірмек болған.Айта кетейік, Триполи – Ливияның ұлттық келісім бойынша құрылған үкіметінің астанасы. Оны халықаралық ұйымдар мойындаған. Ал билікке таласқан екінші топ Тобурк қаласында басқа үкімет құрып алған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: