Анна Нұрмұхамбетова үлкен спортқа қайта оралды

Анна Нұрмұхамбетова үлкен спортқа қайта оралды

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері деп танылған зілтемірші Анна Нұрмұхамбетова үлкен спортқа қайта оралды, деп хабарлайды
Жарақатына байланысты ауыр атлетикадан алыстап кеткен Анна Көкшетауда өткен республикалық турнирде чемпион атанды.
Лондонда 69 келіде сынға түскен Нұрмұхамбетова бүгінде 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жүр.
Еске сала кетейік, Анна Нұрмұхамбетова  6 жылдан соң Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері деп танылды.
Рио Олимпиадасының алдында жарақатына орай ота жасатқан ол бүгінде спорттық бабына еніп келеді.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: