Жетісу тұрғыны 360 мың теңгенің түбіртегін жинап, автокөлік ұтып алды

Жетісу тұрғыны 360 мың теңгенің түбіртегін жинап, автокөлік ұтып алды

24.kz

Түбіртек жинап олжалы болды.Алматы облысының бір тұрғыны 360 мың теңгенің түбіртегін жинап, автокөлік ұтып алды. Тағы екі қатысушы теледидар мен планшетке ие болды. Бүгін Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртек жинап, жүлде ұтып ал!» шараның қорытындысын шығарды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акция ең алдымен көлеңкелі экономиканың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар халықтың салықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетті арттыруды көздейді. Биыл акция 21 мамырда басталған еді. Оған 30 мыңнан аса адам қатысып, мемлекеттік кірістер органдарына 2 милионнан аса фискальды түбіртек жіберген. Жеңімпаздар арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы кездейсоқ анықталды.Арғын Қыпшақо

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: