Астананың аязында еріктілер көшедегілерге ыстық шай таратты

Астананың аязында еріктілер көшедегілерге ыстық шай таратты

24.kz

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатты аяз күндері «Жақыныңа жылулық сыйла» акциясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.Қалалық қоғамдық даму істері басқарманың мәліметінше, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Жақыныңа жылулық сыйла» акциясын өткізді. Белсенділер адам көп жиналатын жерлерге барып, ниет білдіргендерге тегін ыстық шай таратады. Қазгидрометтің мәліметінше, 2018 жылдың 26, 27 желтоқсан күндері күн күрт суытып, температура минус 30 градустан төмендеп кетті. Акцияның мақсаты суықтан қатты тоңып қалғандарды жылыту болып отыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: