БҚО-да дене шынықтыру пәні кезінде 10 жастағы оқушы қайтыс болды

БҚО-да дене шынықтыру пәні кезінде 10 жастағы оқушы қайтыс болды

today.kz

Батыс Қазақстан облысы Асан ауылындағы орта мектепте дене шынықтыру пәні кезінде оқушылардың бірі өзін нашар сезінген. Дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады, деп хабарлайды
Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, "103" нөміріне 17:52-де қоңырау келіп түскен.
"Жедел жәрдем" оқиға орнына бес минуттан кейін келді.
"2008 жылы туған бала аса ауыр жағдайда болды, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Медиктер қажетті барлық реанимациялық шараларды жүргізді, өкінішке орай баланы ажалдан аман алып қала алмады", – деді баспасөз қызметі.
Баланың неден қайтыс болғаны айтылмады. Ол медициналық сараптамадан соң белгілі болады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: