Ирактың солтүстігіндегі бомба орнатылған автокөлік жарылды

Ирактың солтүстігіндегі бомба орнатылған автокөлік жарылды

24.kz

Ирактың солтүстігіндегі Таль-Афар қаласында бомба орнатылған автокөлік жарылды.Салдарынан 2 адам қаза тауып, 13 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, бұл шабуыл өңірдегі тұрақтылықты бұзу үшін әдейі жасалған. Әзірге бұл оқиғаның артында кім тұрғаны белгісіз. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, Таль-Афар Мосулдан 80 шақырым жерде орналасқан. Көп уақыт бойы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында болған. Өткен жылы АҚШ коалициясының қолдауымен елді мекен лаңкестердің қолынан босатылған еді.

Поделитесь новостью:

Читайте также: