Қызылордада жаңажылдық безендіруге 4,6 млн теңге жұмсалды

Қызылордада жаңажылдық безендіруге 4,6 млн теңге жұмсалды

24.kz

Қызылорда қаласының жаңа жылдық безендірілуіне жергілікті бюджеттен 4 млн 600 мың теңге жұмсалды, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұл қаржыға ондаған шағын сәулет нысандары мен мерекелік атрибуттар орнатылды. Сондай-ақ әр шағын ауданға 5-10 метрлік шырша қойылды. Ал жаңа жылдың басты нышаны 23 метрлік шырша болмақ. Ол жылдағы дәстүрмен орталық алаңның төріне қойылды.Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласында қаражатты үнемдеу мақсатында жаңадан шырша сатып алынған жоқ. Есесіне, ескілері қайта жаңғыртылып, қала көшелерінің сәнін келтіріп тұр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: