Ақтөбеде мереке қарсаңында 50-ден астам шырша безендірілді

Ақтөбеде мереке қарсаңында 50-ден астам шырша безендірілді

24.kz

Ақтөбеде жаңа жыл қарсаңында 500-ге жуық мерекелік қойылым көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».Жалпы облыс орталығын безендіруге жергілікті бюджеттен 45 миллион теңге бөлінген. Бұл сомаға 4 шыршаға ойыншықтары алынып, түрлі мерекелік жарықтандыру жүйелері жүргізілді. Сондай-ақ орталық саябақ пен стадион маңында мұз қалашығы салынды. Қаланы көркейтуге жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосып жатыр. Шаһарда 50-ден астам шырша безендірілді. Өңірлік өнерпаздар болса, әрбір бүлдіршінге мерекелік көңіл-күй сыйлауды көздейді. Нұрхан Қадірбаев, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры:- Қаладағы мына өзіміздің артымызда тұрған басты шыршаны облыстағы жағу театралдық көрініспен басталды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: