КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола тұрғындары аялдамада тоңып тұрған адамдарды көліктерімен тегін жеткізіп салуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетау қаласында «Бір-бірімізге көмектесеміз» акциясының басталғандығы туралы көлік жүргізушілерінің бірі
«Бір-бірімізге көмектесеміз» акциясын бастаймыз. Қыс аязды, -40 градусқа дейін суық болатыны күтілуде. Акцияның мақсаты - жолда кетіп бара жатқан жүргізушілер аялдамада тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін апаруы қажет. Бірлесіп жақсылық жасайық», - деп жазды жерлестерін акцияға қатысуға шақырған Көкшетау тұрғыны.
Әлеуметтік желіде бұл бастамаға қолдау...