Тунисте журналист өзін өзі өртеп жіберген соң жаппай ереуілдер басталды

Тунисте журналист өзін өзі өртеп жіберген соң жаппай ереуілдер басталды

24.kz

Тунисте журналист Абдеррака Зоргуи өзін өзі өртеп жіберген соң елде жаппай наразылық шарасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».Көбісінің соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. 29 жастағы тілші Facebook парақшасына елдегі жағдайға көңілі толмайтындығын айтып, халықты бас көтеруге шақырған. Артынша Кассерин қаласының орталығына барып, үстіне жанармай құйып, өзін өзі өртеп жіберген. Бұл жағдай тунистіктерге 2011 жылғы «араб көктемін» еске салды. Ол кезде жергілікті саудагер дәл осындай қадамға барған еді. Жергілікті тұрғындар қаншама жыл өтсе де, биліктегі жағдайдың өзгеріссіз қалғанына қапалы.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: