Шымкентте 35 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді (фото)

Шымкентте 35 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді (фото)

kaz.nur.kz

Шымкентте тағы да үшем дүниеге келді. 35 жастағы Динара Нәлібаева енді алты баланың анасы атанды деп хабарлайды өңірдегі
NUR.KZ
тілшісі.
Динара Нәлібаева үшемді ота көмегімен босаныпты.
Сондай-ақ 35 жастағы келіншек екі ұл, бір қызға Омар, Осман, Зейнеп деп есім берген.
Айта кетейік, Динараның үшемге дейін екі қызы мен бір ұлы болған.
Статистикалық мәліметке сүйенсек,  Шымкентте жыл сайын 7-13 үшем дүниеге келеді екен. Соңғы он жылда Шымқалада 167 үшем туылған. Жалпы, жыл басынан бері еліміздің үшінші мегаполисінде 24 378 нәресте дүние есігін ашқан.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: