Алматы полциясы жанармай стансасы маңайы неге қоршалғанын түсіндірді

Алматы полциясы жанармай стансасы маңайы неге қоршалғанын түсіндірді

inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жанармай құю стансасы жанындағы екі адамды өлтірді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиғаның видеосы
Кадр сыртындағы дауыс тауар таситын жүргізуші мен экспедиторды біреу өлтіріп кеткені туралы айтады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтірілді деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл оқиға бірнеше күн бұрын болған. Адам өлімі болған жоқ. Жанармай құю стансасын біреулер тонамақ болған», - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция оқыс оқиғаға қатысты ақпаратты кейінірек жариялайтын болады.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: