Өзбекстанда халық мекен-жай бойынша тіркеусіз жұмысқа тұра алады

Өзбекстанда халық мекен-жай бойынша тіркеусіз жұмысқа тұра алады

24.kz

Өзбекстанда жұмысқа қабылдау кезінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша қойылатын талаптар заңнамадан алынып тасталды.Яғни бұдан былай азаматтар Ташкент қаласы мен оның аумағында уақытша тіркеусіз жұмыс істей алады. Ал оларды тіркеусіз жұмысқа қабылдаған мекеме бұрынғыдай тіпті жауапқа да тартылмайды. Көрші елде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруге бағытталған кейбір заңнамалық актілер осындай өзгеріске ұшырады. Соның негізінде еңбек кодексіне де түзетулер енгізілді. Оған қоса кәмелеттік жас 16-ға  толып, түрлі жағдайлармен төлқұжатын уақтында ала алмай жүрген жастар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұның барлығы халық үшін жасалған игі іс, дейді депутаттар.Расул К

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: