Жапонияда кит аулауға рұқсат берілуі мүмкін

Жапонияда кит аулауға рұқсат берілуі мүмкін

24.kz

Жапония Киттерді аулау жөніндегі халықаралық комисия құрамынан шығып, оларды коммерциялық мақсатта қайта аулаға кіріспек.Бұл туралы осы ел үкіметінің бас хатшысы Есихидо Суга мәлімдеді. Токио мұндай қадамға өз ішкі суларында киттерді аулауға ондаған жыл бойы рұқсат ала алмаған соң барып отыр.  Олардың айтуынша, ұйым киттердің көбейгендігі туралы ғылыми мәліметті негізге алмауда. Айта кетейік, киттерді коммерциялық мақсатта аулауға 1986 жылы тыйым салынған. Өйткені олардың кейбірі жойылып кеткен. Жапония бастапқыда бұл талапты орындағанмен кейін ғылыми мақсатта деп кәсіпті қайта жалғастырған еді.

Поделитесь новостью:

Читайте также: