Ауа райы: Солтүстік Қазақстанда боран соғады

Ауа райы: Солтүстік Қазақстанда боран соғады

inform.kz

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 28 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстанда аяз әлсіреп, күн борайды. Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні күндіз аймақтың кей жерлерінде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.
«Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялап, өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды кеңес етеді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: